Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Қазгидромет 16, 17, 18 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Жауын-шашын, жел, тұман

Солтүстік-батыс циклоны Қазақстан аумағының басым бөлігіне әсер етеді. Елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында, орталығында қатты жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, қатты жел соғады.

Тек оңтүстік-батыста, 17-18 тамызда батыста, 18 тамызда республиканың орталығында жауын-шашынсыз ауа райы болады. Қазақстан бойынша жел күшейіп, солтүстікте, шығыста, орталықта тұман түсуі мүмкін.

Ауа температурасы бойынша

Күндіз батыс өңірлерде ауа температурасы 22-30-дан 27-35 градусқа дейін көтеріледі;Солтүстік-батыста 16-30-дан 22-33 градусқа дейін көтеріледі; Елдің солтүстігінде ауа температурасы 18-23 градус болады;Орталық облыстарда 20-30 градус болады;Қ Р шығысында ауа температурасы 20-30-дан 17-25 градусқа дейін төмендейді; Қазақстанның оңтүстігінде ауа температурасы 25-35 градус болады, Республиканың оңтүстік-шығысында температура 30-35-тен 25-32 градусқа дейін төмендейді.

Демалыс Ауа райы қандай болады
Кеше, 11:32 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 9:26 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 12:32 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 10:26 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар