Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Демалыс күндері ауа райы қандай болатыны белгілі болды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Қазгидромет 14, 15, 16 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады.
14 ақпанда Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында оңтүстік циклонға байланысты жаңбыр, қар жауып, ауа райы тұрақсыз болады.
Республика бойынша жел күшейіп, көктайғақ болып, тұман түседі.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: