Депутат 16 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желіге тіркелуін шектеуді ұсынды

Құрылтай отырысында «Әділет» партиясы фракциясының мүшесі Жанарбек Әшімжан Премьер-министр Олжас Бектеновке 16 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желілерді пайдалануына заң арқылы тыйым салу туралы депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Arbat.Media.

«Әлеуметтік желі баланың денсаулығына, біліміне және мінез-құлқына әсер ететін маңызды факторға айналды. Шамадан тыс әуестік баланың кітап оқуына, спортпен айналысуына, отбасымен қарым-қатынасына және сабаққа дайындалуына бөлінетін уақытты қысқартады. Сондықтан 16 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желіге тіркелуін шектеу, жеке деректерінің қауіпсіздігін күшейту және мектептерде цифрлық гигиена мен медиасауатты жүйелі түрде оқытуды ұсынамыз», - деді депутат.

құрылтай сауал тыйым салу Заң
8 қыркүйек 2026 Қазақстан жаңалықтары
8 қыркүйек 2026 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 13:30 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 9:16 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар