Дмитрий Попко АҚШ-тағы жарыстың чемпионы атанды
Қазақстандық, әлемнің 339-ракеткасы Дмитрий Попко АҚШ-тың Санрайз қаласында (Флорида штаты) өткен ITF турнирінің жеңімпазы атанды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.
Жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші финалда дүниежүзілік рейтингіде 538-орында тұрған америкалық Алекс Рыбаковпен чемпиондық атақты сарапқа салды.
Бірінші партияда Д.Попко 7:5 есебімен басым түсті.
Екінші сетте америкалық теннисші 2:0 есебімен алға шықты. Алайда бұдан кейін Дмитрий Попко қатарынан алты геймді өз есебіне жазды – 6:2.
Тартысты матч екі сағатқа жуық уақытқа созылды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: