Досаев тағы бір лауазымынан айырылды

Экс-әкім Досаев «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесінің құрамынан да шығарылды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Ерболат Досаев енді «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының директорлар кеңесінің құрамына кірмейді. Қордың мәліметінше, қолданыстағы ережелерге сәйкес, директорлар кеңесінің құрамына Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары кіреді.

Қасым-Жомарт Тоқаев 25 наурыздағы жарлығымен Досаевты осы қызметтен босатқаннан кейін, оның «Самұрық-Қазынадағы» өкілеттігі автоматты түрде тоқтатылды.

досаев директор Қызмет құрам

Тақырыпқа жаңалықтар