Қазақстан жаңалықтары6 қаңтар 2026, 20:47

Досаеваның жұбайы бір жылда 2,3 млрд теңге тапқан

Алматының бұрынғы әкімі Ерболат Досаевтың жұбайы Гүлнар Досаева күйеуінен 165 есе көп табыс тапқан, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бұл деректер Президент әкімшілігі қызметкерлерінің 2024 жылға арналған кіріс декларациясында көрсетілген.

Гүлнар Досаева 2,3 миллиард теңге табыс көрсеткен, ал оның жұбайы, Президент әкімшілігі басшысының орынбасары, 14 миллион теңге ғана декларациялаған.

Президент әкімшілігінің басқа да бірқатар қызметкерлерінің табысы жоқ болса, ал олардың жұбайлары миллиондаған теңге тапқан.

Мәселен, қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетовтің жұбайы 24,9 млн теңге табыс көрсеткен. Президенттің көмекшісі Қуанышбек Есекеевтің өзінде табыс болмағанымен, оның жұбайы 48,3 млн теңге тапқан. Президенттің кеңесшісі Алексей Цой — 0, ал оның жұбайы — 1 млн теңге тапқан. Президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Батыржан Байжұмановта — 0 табыс, ал оның жұбайында — 2,6 млн теңге.

Жаңа ережелерге сәйкес, шенеуніктер енді тек салық салынатын табыстың жалпы сомасын ғана жариялайды. Банк шоттары немесе өзге деректер енді ашық көрсетілмейді. Бұл жаңа жүйе 2025 жылдың соңынан бастап қолданысқа енгізілді.

досаев Әкім Алматы Табыс

Тақырыпқа жаңалықтар