Экология министрлігі: Атырауда ауа сапасына қатысты тексеру басталды
Атырау қаласындағы ауа сапасының нашарлауына қатысты тексеру жұмыстары басталды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігі хабарлады.
Ведомство мәліметінше, тексеру аяқталғаннан кейін нәтижеге қарай заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданады.
Айта кетейік, Атырау қаласының тұрғындары соңғы күндері ауадан жағымсыз иіс шығып, тыныс алу мүмкін емес екенін айтып дабыл қағуда. Жағдай өткен тәулікте мүлдем күшейіп, қаланы қою қара тұман басқан.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: