Экс-әкім орынбасары Ержан Бабақұмаровтың ісі Астанада қаралады

Ержан Бабақұмаровтың ісі Астанада қаралады, деп хабарлайды Arbat.Media.

26 қаңтар күні Астанада Бабақұмаровтың өліміне қатысты іс бойынша алдын ала тыңдалым өтеді. Уақыты – 15:00.

Іс Қылмыстық кодекстің 99-бап 1-бөлік (Адам өлтіру) бойынша тергелген. Істі бұған дейін Бишімбаевқа үкім шығарған судья Айжан Күлбаева қарайды.

Еске салайық, Ержан Бабақұмаров – жоғары лауазымдар атқарған бұрынғы шенеунік, 2019-2022 жылдары Алматы әкімінің орынбасары болған.

Алматы орынбасар өлім Қылмыс

Тақырыпқа жаңалықтар