Қазақстан жаңалықтары18 қыркүйек 2025, 10:49

Экс-дипломат Сәкен Мамаштың үкімі өзгеріссіз қалды

Аппеляциялық сот әйелін соққыға жыққаны үшін сотталған экс-дипломат Сәкен Мамаштың шағымын қарап, бірінші сатыдағы соттың үкімін өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Кеше, 17 қыркүйекте апелляциялық инстанцияның бұрынғы дипломат Сәкен Мамашқа қатысты бірінші сатыдағы сот үкімін өзгеріссіз қалдырғаны туралы белгілі болды.

Еске сала кетейік, 2024 жылы мамырда экс-дипломаттың әйелі Карина Мамаш күйеуінен 10 жыл бойы зәбір көргенін айтқан еді.

Кейін Карина Мамаш Астанадағы дағдарыс орталығына орналасты.

2024 жылы маусымда Қазақстанның БАӘ-дегі елшісінің экс-кеңесшісі Сәкен Мамаш әйелін ұрды деген күдікпен 15 тәулікке қамалғаны белгілі болған еді.

2025 жылдың шілдесінде сот Сәкен Мамашты Қылмыстық кодекстің 110-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айырды. 

Сәкен Мамаш Сот шешімі шағым Қылмыс

Тақырыпқа жаңалықтар