Елімізде 13 жаңа заманауи колледж салынады
Еліміздің 11 өңірінде 20 мың оқушы орнына арналған 13 жаңа заманауи колледж салынады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Бұл туралы Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова хабарлады,
Министрдің айтуынша, бұл өңірлердегі тапшылықты азайтып, жастарымызды заманауи, жабдықталған ортада сапалы кәсіптік біліммен қамтамасыз етуге тікелей мүмкіндік береді.
Жергілікті атқарушы органдар мен жұмыс берушілер есебінен 174 колледж, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылар қолдауымен 13 колледж жабдықталған. Десе де еліміз бойынша 143 мемлекеттік колледждің материалдық-техникалық базасын шұғыл жаңарту талап етіледі.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: