Қазақстан жаңалықтары11 қазан 2025, 12:48

Елімізде 20%-дан жоғары ипотекаға тыйым салынуы мүмкін

Елімізде 20%-дан жоғары ипотекаға тыйым салынуы мүмкін, деп хабарлайды Arbat.Media.

Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу агенттігі ипотеканың жылдық мөлшерлемесін 20%-дан асырмауды көздеп отыр. Бүгінде мәселе пысықталуда.

«20 пайыздан асатын ипотека – ауыртпалық салады. Адамдар 20 пайызбен 10-15 жылға несие алса, төлемі өте қомақты болады», – деді Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов.

Сөзінше, банктерге ипотека беруді тоқтату туралы бұйрық берілмеген. Бүгінгі таңда банктер ипотека мәселесіне сақтықпен қарап, шешімді байыппен қабылдайтынын жеткізді.

ипотека үй Баспана Қымбатшылық
5 маусым 2026 Қазақстан жаңалықтары
5 маусым 2026 Қазақстан жаңалықтары
5 маусым 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар