Елімізде наркологиялық орталықтар тексеріледі

Қазақстандағы наркологиялық орталықтар тексерілетін болды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Денсаулық сақтау министрлігі елдегі наркологиялық орталықтарға кешенді тексеру жүргізеді.

Министр Ақмарал Әлназарова жүргізушілерді медициналық куәландыру кезінде жекелеген наркологиялық орталықтар тарапынан заңбұзушылықтар мәселесі бойынша кеңес өткізіп, Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне барлық өңірлік наркологиялық орталықтарда тексеру жүргізуді тапсырды.

Заңбұзушылықтар анықталған жағдайда материалдар құқық қорғау органдарына жіберіледі.

Денсаулық науқас өңір орталық

Тақырыпқа жаңалықтар