Елімізде онлайн кредитке тыйым салу туралы петиция қолдау таппады
ФОТО: Depositphotos
Depositphotos
Қазақстан жаңалықтары15 тамыз 2024, 14:00

Елімізде онлайн кредитке тыйым салу туралы петиция қолдау таппады

Қазақстанда онлайн крдитке тыйым салу туралы петиция қолдау таппады. Үндеудің бастамашысы Нұржан Жақыпов басқаратын «Хақ-Назар» қоғамдық қоры болды. 13 тамызда E-petisiya платформасында Қазақстанда онлайн-несие беруге тыйым салу ұсынысымен петиция пайда болды. Бастамашы «Хақ-Назар» қоғамдық қоры болды. Петиция авторларының айтуынша, цифрландырудағы жетістіктерге қарамастан, онлайн несиелер азаматтардың қаржылық тұрақтылығына үлкен қауіп төндіреді. Оны алудың қарапайымдылығы, жоғары пайыздық мөлшерлеме мен түсініксіз мерзім көбінесе, әсіресе халықтың осал топтары арасында борыштық жүктеменің артуына әкеледі. Құжатта микроқаржы ұйымдары (МҚҰ) мен микрокредиттік компаниялардың (МКҰ) қызметін қатаң реттеудің жоқтығы қарыз тұзақтарының таралуына ықпал ететіні атап өтілген, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Қарыздар шұңқырынан басқа, онлайн несие беру алаяқтық, ұрлық және бопсалау сияқты қарыздық міндеттемелерді өтей алмаумен байланысты қылмыстардың көбеюіне жағдай жасады», - дейді Нұржан Жақыпов басқаратын ұйым.Петиция авторлары Қазақстан үкіметін азаматтарды қорғау және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін шұғыл шаралар қабылдауға шақырады. Алайда, жарияланғаннан кейін бір күн өтсе де петицияға бірде-бір қол қойылмаған. Петиция 6 қыркүйекке дейін белсенді болады.

онлайн кредит петиция қолдау таппады

Тақырыпқа жаңалықтар