Қазақстан жаңалықтары5 тамыз 2025, 16:25

Елімізде үйдің жанында орналасқан дүкендердің бағасын бақылау күшейеді

Үкімет әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына 15% сауда үстемесін бақылауды күшейтуге көшеді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Арман Шакқалиев мәлімдеді.

Сонымен қатар атаулы әлеуметтік көмек алушыларға азық-түлік ваучерлерін ұсыну бойынша пилоттық жоба іске қосылуда. Ваучермен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларды сауда үстемесіз бағасына сатып алуға мүмкіндік береді.

Пилоттық жобаны Ақкөл, Көкшетау және Павлодар қалаларында 5 мыңға жуық АӘК алушылардың қатысуымен өткізу жоспарланып отыр.

дүкен Баға миниср Зерттеу
Кеше, 14:41 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 15:41 Қазақстан жаңалықтары
17 қыркүйек 2025 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар