Елшілік БАӘ-де тұратын қазақстандықтарға үндеу жасады
Бүгінде БАӘ аумағында қысқа мерзімге келген немесе транзит арқылы өтіп жатқан қазақстандықтар бар, деп хабарлайды Arbat.Media.
"Қалыптасқан жағдайда олардың бірқатарына уақытша көмек пен қолдау қажет болуы мүмкін. Егер сіздерде уақытша орналастыруға, тамақпен қамтамасыз етуге немесе өзге де нақты көмек көрсетуге мүмкіндік болса, хабарлауларыңызды сұраймыз", - делінген мәлімдемеде.
Сондай-ақ қиын жағдайда қалған қазақстандықтар туралы мәлімет белгілі болса, хабарлауды сұрады:
Қазақстанның Абу-Дабидегі Елшілігі:
+971 50 508 5226
+971 2 449 8778
Қазақстанның Дубай қаласындағы Бас консулдығы:
+971 50 570 1978
+971 4 547 5784
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: