Қазақстан жаңалықтары19 наурыз 2024, 14:14

Елтаңбаны өзгертуге бюджетте қаржы қарастырылған ба?

Қаржы министрі Мәди Такиев «елтаңбаны өзгертуге ел бюджетінің қаржы мүмкіндігі бар ма?» деген сауалға жауап берді. Оның атап өтуінше, Үкімет басшысы қаржы министрлігінің алдына бюджеттің тиімсіз шығыстарын қысқарту туралы тапсырма берген, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

Мүмкіншілік бар. Сараптама жүргізу қажет. Бізде қанша елтаңба бар екендігіне сараптама жүргізетін боламыз. Өйткені, олардың көлемі әртүрлі, 40 сантиметрден бастап 1 метрге дейін жетеді. Тапсырма болды. Оны бірнеше кезеңге бөлдік. Бірінші кезеңде орталық мемлекеттік органдармен жұмыс істеп, қарап шықтық. 301 млрд теңгені қысқартамыз. Оның ішінде іштегі іс-сапарларды, шетелдік іс-сапарларды, игерілуі төмен жобаларды қысқарту бар. Әзірше, қысқартылатыны осы сома. Дегенмен, әлі де қарастырып жатырмыз. Өздеріңіз білесіздер, біздің бюджеттің шығыстары 23,9 трлн теңгені құрайды. Оның ішінде 20 трлн теңге жалақыға, зейнетақыға, шәкіртақыға, жәрдемақыға төленеді. Яғни, қысқартылмайтын сома», - деді Мәди Такиев.

Сонымен қатар ол қалған 4 трлн теңгеге жуық сомадан да қысқарту мүмкіндіктері қарастырылып жатыр.

 

елтаңба өзгерту Қаржы мүмкіндік

Тақырыпқа жаңалықтар