Енді комада жатқан адамның заңды өкілі оның атынан мүгедектікті рәсімдей алады
Енді комада жатқан адамның заңды өкілі оның атынан мүгедектікті рәсімдей алады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Бұл туралы депутат Асхат Аймағамбетов мәлім етті. Айтуынша, комада жатқан науқас өз еркін білдіре алмайды, өтініш жаза да, қол қоя да алмайды.
Қолданыстағы заңнамада мұндай жағдайлар үшін нақты әрі тиімді тетік болмағандықтан, мүгедектікті рәсімдеу, жәрдемақы мен ТСР алу көп жағдайда мүмкін болмай қалады.
«Енді комада жатқан адамның заңды өкілдері оның атынан өтініш беріп, мүгедектікті рәсімдей алады, ал кейін жәрдемақыларды, ТСР мен басқа да қажетті әлеуметтік көмекті ала алады. Бұл – адамгершілік мәселесі», - деді депутат.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: