Энергетикалық сусын ішкен науқасқа жүрек трансплантациясы жасалды
Энергетикалық сусын ішкен 34 жастағы науқасқа жүрек трансплантациясы жасалды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Жүрек трансплантациясы – адам өмірін сақтап қалуға бағытталған ең күрделі медициналық оталардың бірі.
Алматы қалалық кардиология орталығында алғаш рет 34 жастағы науқастың жүрегін алмастыру операциясы жасалды. Ота 5 сағаттан астам уақытқа созылып, дәрігерлердің кәсібилігі мен заманауи медициналық технологияның арқасында сәтті өтті.
Мамандардың айтуынша, сергектік сыйлаймын деп сатылатын энергетикалық сусындар уақыт өте келе жүрекке ауыртпалық түсіруі мүмкін. Салдары созылмалы жүрек ауруына әкеледі.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: