Ер адам 2-сынып оқушысын зорлаған

 Жамбыл облысында кәмелетке толмаған балаға қатысты қылмыс үшін ер адам өмір бойына сотталды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Жамбыл облысындағы ауылдардың бірінде туыстарының бірі ата-анасы үйде болмаған сәтте Wi-Fi желісінің құпиясөзін сұрау сылтауымен үйге кірген. Тергеу мәліметінше, сол кезде үйде көзі көрмейтін қарт ата, екінші сыныпта оқитын қыз бала және сәби болған.

Күдікті кәмелетке толмаған балаға қатысты заңсыз әрекет жасаған деген күдікпен ұсталған. Бала болған жайтты анасына айтып бергеннен кейін, ол бірден полицияға хабарлаған.

Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы дәлелдемелерді жинап, қажетті сараптамалар жүргізген. Тергеу нәтижелері мен сараптама қорытындылары негізінде іс сотқа жолданды.

Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ер адамды кінәлі деп танып, оған төтенше қауіпсіздік мекемесінде өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ

Тергеу Күдікті сот Үкім

Тақырыпқа жаңалықтар