Ер адам әйелінен оңбай таяқ жеп, көзінен айырыла жаздады

Ер адам әйелінен оңбай таяқ жеп, ауруханаға түскенін айтты, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

“Журналистік өмірде талай нәрсені көріп, естіп жүрмін. Заңды некедегі әйелінен оңбай таяқ жеп көмек сұраған еркекті бірінші рет көрдім. Не дейміз? Тұрмыстық зорлық-зомбылық әйел, еркек, бала, кемпір-шал деп бөлінбейді. Зорлықтың аты – зорлық, ешкім біреуден таяқ жеу үшін өмірге келген жоқ! Оқиға 22.07.26 болды. Бір көзінен айырыла жаздаған азамат қазір ауруханада жатыр”, - деп жазды журналист.

Ер адамның туыстары: «Мұндай жағдай қыстан бері жиі қайталануда. Әйелінің жалғыз күші жетпесе, еңгезердей өгей баласын көмекке шақырады. Жанжал болған күні учаскелік инспекторды шақырғанымен келмеді. Арыз ауруханада кезекші полицияға жазылды. Полициядан әлі ешкім келген жоқ», – деп көмек сұрауда.

Түркістан ер адам соққы Әйел
Кеше, 11:36 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 15:35 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 12:15 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар