Ер адам кәмелетке толмаған балаларды соққыға жыққан: Туыстары кешірім бергенге қарамай күдікті заң алдында жауап береді
Бейнеу ауданының тұрғыны кәмелетке толмаған баланы ұрып соғып, тағы бір баланы бірнеше рет пышақтаған. Жәбірленушілер кешірім бергеніне қарамай, күдікті өз жазасын алады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Бас прокуратура мәліметінше, сотта тараптардың татуласуына байланысты іс тоқтатылған. Алайда қылмыстық заңнамаға сәйкес, кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыс жасағандар татуласуға қарамастан заң алдында жауап береді.
Прокуратураның кассациялық тәртіппен енгізген наразылығы бойынша сот қаулысының күші жойылды. Қылмыстық іс облыстық сотқа жаңа сот қарауына жіберілді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: