Ерболат Досаев тағы бір қызметінен айырылды
Досаев «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингінің директорлар кеңесінің құрамынан шығарылды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Бұл ақпарат Қазақстан қор биржасы сайтында жарияланды.
Еске салсақ, 2025 жылдың қыркүйегінде Ерболат Досаев Қасым-Жомарт Тоқаев әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалған еді. Алайда 2026 жылдың наурыз айында ол бұл қызметтен кеткен.
Бұған дейін Досаевтың Самұрық-Қазына қорының директорлар кеңесінің құрамынан да шығарылғаны хабарланған.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: