Ерболат Құдайберген 15 күнге оқшауланды

Өткен аптада «Мен қазақпын» әнінің орындаушысы Ерболат Құдайберген ұсталды деген ақпарат әлеуметтік желіде желдей есті. Полиция әншінің медициналық мекемеге орналастырылғанын растады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Алматы қаласы ПД ер адамға қатысты шағым көршілерінен түскенін мәлімдеді.

Полицияның мәліметінше, көпқабатты үй тұрғындары көршісінің ашуға булығып, қоғамдық тәртіпті бұзып жатқанын айтқан. Учаскелік инспектор оқиға орнына дереу барған. Ер адамның беймаза күй танытып, айналасындағылардың мазасын алғаны расталды. Полиция оны медициналық куәландыруға жіберген. Сараптама нәтижесі бойынша, азаматтың бұл күйге түсуіне психоактивті заттардың әсері болғаны анықталды.

Полиция мәліметінше, әнші 15 тәулікке арнайы медициналық мекемеге орналастырылды. Сонымен қатар, ол әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің бірнеше бабы бойынша жауапкершілікке тартылған. Полиция өкілдері ер адамның бұған дейін де қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін жауапқа тартылғанын растады.

Ерболат Құдайберген Әнші танымал ұсталды

Тақырыпқа жаңалықтар