Ермек Серкебаевқа арналған коллекциялық монета айналысқа шығады

Ұлттық Банк «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясынан «E.SERKEBAEV. 100 JYL» және «Жүректен жүрекке» сериясынан «AINALAIYN» коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Коллекциялық монеталарды 28 мамырдан бастап Ұлттық банктің интернет-дүкені арқылы сатылады.

Монета дизайнында Е.Серкебаевтың портреттік бейнесі пайдаланылған. Мельхиор қоспасынан дайындалған, массасы – 15 грамм, диаметрі – 33 мм, дайындау сапасы – brilliant uncirculated, номиналы – 200 теңге, таралымы – 7 мың дана.

Ермек Серкебаев (1926-2013) – көрнекті кеңес және қазақ опера әншісі (лирикалық баритон), педагог және актер. КСРО халық артисі (1959) және Социалистік Еңбек Ері (1986). Абай атындағы Қазақ опера және балет театрының солисі болды.

Танк монета Серкебаев Өнер

Тақырыпқа жаңалықтар