Қазақстан жаңалықтары7 қыркүйек 2025, 10:22

Forbes-қа кірген олигархтар Алматының шырайлы жерлерін құртып жатыр — Бақытжан Базарбек

Депутат Бақытжан Базарбек Алматыдағы экологиялық және заңсыз құрылыс мәселелерін көтерді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Ол таулардағы орман, алма бақтары оталып, орнына элиталық үйлер мен 40 қабатты тұрғын үй салынбақ екенін айтты. Бұл телімдерге Forbes тізіміндегі олигархтар мен жоғарылауазымды шенеуніктердің қатысы бар деген күдік жоқ емес.

Депутат жеті құзырлы мекемеге шағым түсіріп, заңсыздықтарға тоқтау салуды талап етті. Сонымен қатар, Сібір обасы орналасқан тарихи аумақта да қорғау аймағына қарамастан құрылыс жүргізіліп жатқанына назар аударды.

 

Бақытжан Базарбек депутат Мәжіліс

Тақырыпқа жаңалықтар