Францияның экс-президенті Николя Саркози түрмеден босатылды
Париж соты Николя Саркозиді мерзімінен бұрын түрмеден босату туралы шешім қабылдады. Ол аппеляциялық шағымы қаралғанша еркіндікте болады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Саркози түрмеде 20 күн отырды. Оған Франциядан шығуға, куәгерлермен және Әділет министрлігі шенеуніктерімен сөйлесуге тыйым салынды.
Айта кетейік, экс-президент сайлау кампаниясына қаржы тарту үшін Муаммар Каддафиден миллиондаған еуро алған ісі бойынша 5 жылға сотталған еді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: