Ғалым, философ Жабайхан Әбділдин көз жұмды

Ғалым, философия ғылымының докторы, профессор, мемлекет қайраткері Жабайхан Әбділдин 93 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды Arbat.Media.

Мемлекет және қоғам қайраткері Жабайхан Әбділдиннің қазасын мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов естіртті.

Жабайхан Әбділдин 1933 жылы Павлодар облысында дүниеге келген.

Ол — философия ғылымының докторы, профессор, Ұлттық ғылым академиясының академигі және вице-президенті, Қазақстандағы диалектикалық логика мектебінің негізін салған ғалым.

Жабайхан Әбділдиннің ғылыми еңбектері негізінен диалектикалық логиканың өзекті мәселелерін зерттеуге арналған.

Ғалымның ғылыми басшылығымен 10 ғылым докторы, 40-қа тарта ғылым кандидаты дайындалды.

Жабайхан Әбділдин «Барыс» ІІ дәрежесімен, ТМД парламентаралық ассамблеясының «Достық» медальдарымен ,2022 жылы «Барыс» III дәрежесімен марапатталған.

ғалым философ Жабайхан Әбділдин қайраткер
Кеше, 17:05 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 18:31 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 13:51 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар