Ғарышкер Талғат Мұсабаев өмірден өтті

Белгілі ұшқыш-ғарышкер, үш мәрте ғарышқа сапар шеккен, Халық қаһарманы, мемлекет және қоғам қайраткері Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев 74 жасында дүние салды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев марқұмның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

– Талғат Амангелдіұлы үш мәрте ғарышты бағындырған, ашық космосқа шығып, еліміздің абыройын асырған батыр тұлға болды. Ол аэроғарыш саласын дамытуға зор үлес қосып, сенатор ретінде ел дамуына қызмет етті. Халқының құрметіне бөленген ардақты азаматтың жарқын бейнесі жадымызда мәңгі сақталады. Иманы саламат, жаны жәннатта болсын, – делінген жеделхатта.

Талғат Мұсабаев – ТМД кеңістігінде ғарышқа үш рет ұшқан санаулы тұлғалардың бірі. Ол ғарышта 341 күн болып, бірнеше мәрте ашық кеңістікке шыққан. Ғылым мен техникаға, қоғамдық салаға қосқан үлесі үшін көптеген мемлекеттік марапаттарға ие болған. Сонымен қатар ол Қазақстанның ғарыш саласын дамытқан алғашқы жетекшілердің бірі ретінде есте қалады.

Талғат Мұсабаев ұшқыш ғарышкер

Тақырыпқа жаңалықтар