Грек-рим күресінен әлем чемпионатынан Қазақстан тарихи медаль иеленді

Грек-рим күресінен әлем чемпионатынан Қазақстан тарихи медаль иеленді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Айдос Сұлтанғали Қазақстанға "алтын" сыйлады. Соңғы рет Қазақстан мұндай жетістікке 26 жыл бұрын қол жеткізген.

60 келіге дейінгі салмақта өткен финалда Айдос Сұлтанғали өзбекстандық Әлішер Ғаниевті жеңіп, Қазақстан тарихында ересектер арасында грек-рим күресінен әлем чемпионатының финалына шыққан оныншы балуан атанды.

29 жастағы қызылордалық спортшы бұған дейін осы салмақта өткен әлем чемпионаттарында екі мәрте қола медаль иеленген еді.

спорт медаль тарихи жеңіс

Тақырыпқа жаңалықтар