Калачидегі ұйқы ауруы: қазақстандық ғалымдар оның себебін анықтады
Ұлттық ядролық орталығы Радиациялық қауіпсіздік және экология институты филиалының директоры Асан Айдарханов 2014 жылы Калачи ауылында пайда болған беймәлім ұйқы ауруына қатысты жүргізілген зерттеулер қорытындысы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Arbat.media.
- Ешқандай радиациямен байланысты емес. Онда жағдай өте күрделі. Неліктен барлығы бірден радиация туралы ойлады, өйткені Калачи ауылы қараусыз қалған уран кенішінде орналасқан. Тиісінше, бұл радиацияның әсері деген күдік туғызды. Дегенмен радиацияның әсерінен ұйықтап кетті дегенді бірінші рет естіп отырмын. Сондықтан біз сол жерге арнайы бардық. Радон газына күдік болды. Уран бар аймақтарда бұл табиғи құбылыс, - деді Асан Айдарханов.
Айтуынша, зерттеу нәтижелері шетелге жіберілген.
- Біз онда мониторингтік зерттеулер жүргіздік, сынамалар алдық, бірақ қандай да бір нормадан асып кеткен жағдайларды анықтаған жоқпыз. Олар тіпті зерттеу деректерін Чехия мен Ресейге жіберді. Олар радон газының адамның ұйықтап кетуіне ешқандай әсер етпейтінін растады. Біздің пікіріміз – көміртегі тотығының әсері көбірек. Өйткені, бірінші кезекте адам көміртегі тотығын сезініп, ұйықтай бастайды. Біз мұндай жағдайларға пешті падайдалану және ауылдың ойпатта орналасуы себеп болғанын болжап отырмыз. Ол адамның бойына жиналып, белгілі бір жағдайларда адамдар ұйықтай бастайды. , - деп атап өтті ол.
Еске сала кетейік, 2014 жылы Калачи ауылында ұйқы ауруы анықталды. Атом өнеркәсібінің, геологияның және басқа салалардың өкілдері жұмбақ аурудың себебін анықтауға атсалысты.
Кейін ұйқы ауруы радиациялық фонмен байланысты емес екені айтылды.
Назарбаев Университетінің ғалымдары судың улануы туралы гипотеза жасады.
Калачиде тағы 8 адам «ұйқы ауруына» шалдықты.