Кәмелет жасына толмаған қызды зорлады деп айыпталған шенеунік тергеу изоляторында көз жұмды

Кәмелетке толмаған қызды зорлады деп айыпталған бұрынғы шенеунік Орал қаласындағы тергеу изоляторында қайтыс болды деп хабарлайды Arbat.Media.

Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, өлімге жүрек жеткіліксіздігі себеп болуы мүмкін. Өйткені бұған дейін де оның жағдайы нашарлағаны айтылған. Дереккөздердің мәліметінше, бұл атқару жүйесі үшін өте күрделі төтенше жағдай.

Шыңғырлау ауданының жер қатынастары бөлімінің бұрынғы басшысы, 57 жастағы Әлібек Жүпіловті жерлеу рәсімі 18 наурызда өтеді.

Қаңтар айында аталған азаматқа қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 120-бабы – «Кәмелетке толмағанды зорлау» дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Қазіргі таңда қылмыстық іс сотқа жолдану кезеңінде.

Жәбірленуші – Ақсай қаласының 16 жастағы тұрғыны. Оның сөзінше, ол әлеуметтік желі арқылы өзін жас жігіт ретінде таныстырған адаммен хат алмасқан. Кейін әлгі адам қызды қонаққа шақырып, такси жіберген. Үйіне келген соң, оған күш қолданғаны айтылды.

орал Зорлық Айып түрме

Тақырыпқа жаңалықтар