Кентауда 2 өгей қызын зорлады деген күдікке ілінген ер адам ұсталды
Кентау қаласында кәмелетке толмаған өгей қыздарына қатысты зорлық-зомбылық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі Кентау қаласының екі кәмелетке толмаған тұрғынына қатысты заңға қайшы әрекеттер фактісі бойынша арыз полицияға 2025 жылғы желтоқсан айында түскенін нақтылады.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: