Кентауда қоғамдық тамақтану орнында болған өрттен бір адам көз жұмды

Кентауда қоғамдық тамақтану орнында болған өрттен бір адам көз жұмды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Оқиға көпқабатты үйдің бірінші қабатында орналасқан қоғамдық тамақтану орнында болған. Газ-ауа қоспасы жарылып, салдарынан өрт шыққан.

Өрттен бір адам көз жұмып, тағы төртеуі ауруханаға жеткізілді. Оның екеуі жансақтау бөлімінде жатыр.

Түркістан облысының әкімі жағдайды жеке бақылауына алды. Жедел штаб құрылды.

Тергеу жүріп жатыр.

Кентау Түркістан Жарылыс Қаза

Тақырыпқа жаңалықтар