Көкшетауда жұмысқа кеткен жігіттің денесі табылды

22 шілдеде 18 және 17 жастағы екі жігіт металмен жұмыс істеп жатқанда тоқ соққан деп, хабарлайды Arbat.Media.

Жұмыс кезінде қатты жел соғып, металл электр желісіне құлаған. Салдарынан екі бозбаланы тоқ соққан.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, 2008 жылы туған жас жігітті электр тогы соққан. Жедел жәрдем бригадасы келгенде жігіт қайтыс болған», - дейді Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасындағылар.

Ал оқиға орнында бірге болған 17 жастағы бозбала аман, ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлер оның өміріне қауіп жоқ дейді.

Электр тогы оқиға Аурухана Ақмола
22 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары
22 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар