Көлік вице‑министрі ұсталды деген ақпарат тарады
Көлік вице‑министрі ұсталды деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Сәтжан Әблалиев пара алды деген күдікке ілінді.
Алайда оның ұсталғаны туралы ресми ақпарат жоқ. Редакция бұл жайтқа қатысты мемлекеттік органдарға сауал жолдағанымен, ҰҚК мен Көлік министрлігінің баспасөз қызметтері әзірге пікір білдірген жоқ.
Tengrinews.kz дереккөзі көлік вице-министрі күдікке ілінгенін растады, бірақ егжей-тегжейін айтқан жоқ.
Сәтжан Әблалиев 2023 жылғы қазаннан бері көлік вице-министрі қызметін атқарып келеді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: