Қазақстан жаңалықтары9 қараша 2023, 10:00

Көршісі әйел мен қаршадай 2 баланы өрттен алып шықты

Өскемен қаласында ер адам өртенген көрші үйден әже мен 2 баланы аман алып шықты, - деп хабарлайды Arbat.media.

8 қараша күні қаладағы Ақжауын көшесіндегі жер үйден өрт шықты. Сол жерге өрт сөндірушілер келіп жеткенге дейін қызыл жалынды байқаған көршісі Андрей Смольников дереу көмекке ұмтылған. Ол 60 жастағы әйелді, 2 және 1 жастағы екі баланы сыртқа алып шықты.

«Құтқарушылар келгенде тілсіз жау үй мен шаруашылық қора-жайды шарпып жатты. Көп ұзамай жалпы ауданы 154 шаршы метрді құраған өрт толықтай өшірілді. Өрт сөндірушілер жанып жатқан үйден газ баллонын алып шыққан. Абырой болғанда, зардап шеккен ешкім жоқ», - деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Өртпен күреске жеке құрамнан 12 адам және 4 техника жұмылдырылған. Оттың шығуына – электр желісін орнату және пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтамау себеп болуы мүмкін.

Өртпен күреске жеке құрамнан 12 адам және 4 техника жұмылдырылған. Оттың шығуына – электр желісін орнату және пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтамау себеп болуы мүмкін.

Андрей Смольников «Қамқор-Вагон» кәсіпорнының вагон-жөндеу депосында токарь болып жұмыс істейді.

 

Өскемен Өрт Көрші Құтқару
15 тамыз 2025 Қазақстан жаңалықтары
15 тамыз 2025 Қазақстан жаңалықтары
15 тамыз 2025 Қазақстан жаңалықтары
15 тамыз 2025 Қазақстан жаңалықтары
15 тамыз 2025 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар