ЛГБТ-ны насихаттауға қарсы заң: Қазақстандықтар қандай әрекеті үшін жазаланады?

Мәдениет және ақпарат министрлігі қандай әрекеттердің насихат болып саналатынын түсіндірді, деп хабарлайды Arbat.Media.

“Дәстүрлі емес жыныстық көзқарасты насихаттау – дәстүрлі емес жыныстық көзқарас және оған бейімділікті көпшілік алдында немесе бұқаралық ақпарат құралдары, телекоммуникациялық желілер немесе онлайн платформалар арқылы тарату. Сондай-ақ белгісіз аудиторияға мақсатты түрде бұрмалау арқылы, қоғамда ЛГБТ туралы оң көзқарас қалыптастыру”, – деп түсіндірді еліміздің Мәдениет және ақпарат министрлігі.

Ведомствоның мәліметінше, енді “дәстүрлі емес жыныстық көзқарасты дұрыс деп көрсету” ЛГБТ-ны насхаттау деп қарастырылады. Алайда егер контентте тек мысалдар, статистика және сол сияқты ақпарат болса, онда оны таратқан адам жауапқа тартылмайды.

Сонымен қатар көптүсті элементтерді қолдануға болады, бірақ олар идеологиялық мәні болмауы тиіс.

ЛГБТ Заң Нәтиже тәжірибе

Тақырыпқа жаңалықтар