Қазақстан жаңалықтары30 сәуір 2024, 13:00

Лифтте әйелін ұрған ақтаулық жазаланады

27 сәуір күні Ақтау қаласының тұрғыны әйелін лифтте соққыға жыққан. Оның заңсыз әрекеті видеоға түсіп қалған.  Оқиға Ақтау қаласындағы 4 ықшам ауданындағы №7-ші үйде болған. Бейнежазбадан ер адамның әйелді жұдырықтап, аяқпен тепкілегенін көруге болады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Қалалық полиция басқармасы ер адамның жеке басы анықталып, ұсталғанын хабарлады.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Актау 911 | Aktau 911 (@911.aktau)

«Ер адам әйелге қарсы тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсетіп, заңсыз әрекет жасағаны үшін жауапқа тартылды. Материал шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді», деп хабарлады Ақтау қалалық полиция басқармасы.

Ақтау лифт ұрып-соғу Жауапкершілік

Тақырыпқа жаңалықтар