Қазақстан жаңалықтары22 шілде 2024, 10:00

«МАЭК» кәсіпорнында ірі апат болды – фейк

Ақтау қаласының тұрғындары арасында WhatsApp желісі арқылы аудио хабарлама тараған болатын. Онда кәсіпорында ірі апат орнағаны, алдағы уақытта су қайта ажырауы мүмкін екендігі туралы айтылған. Бұл жалған ақпарат болып шықты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығы мәлім етті, - деп жазады Kazinform агенттігі.

«МАЭК» кәсіпорнында ешқандай апат болған жоқ. Су қалыпты жағдайда шектеусіз беріледі,-дейді энергокомбинаттың баспасөз қызметі.

«Каспий жылу, су арнасы»МКК қазіргі уақытта ауыз су қысымының төмендеу себебін анықтауда.

фейк МАЭК Апат

Тақырыпқа жаңалықтар