Қазақстан жаңалықтары14 наурыз 2024, 13:34

Мамандандырылған ХҚКО жаппай тексеріле бастады

Қаржы мониторингі агенттігі еліміздегі мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарын жаппай тексере бастады. Себебі АвтоЦОН қызметкерлері шетелдік жүк көліктерін заңсыз жолмен тіркеу арқылы мемлекетке 14 миллиард теңгеден аса шығын келтірген, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы КТК телеарнасы жариялады.

Құрамында мемлекеттік қызметкерлер де бар топтар көліктердің шыққан жылын «жасартып»мтіркеп отырған. Алаяқтықты әшкерелеген қаржы мониторинг агенттігі 23 қылмыстық іс қозғалғанын айтып отыр.

Елімізде жүк көліктерінің шыққан жылы жаңа болса, соғұрлым оның тіркеу алымын азайту қарастырылған.

Мәселен, бес жылдан асқан көлікті тіркеу 7 миллион 700 мың теңге болса, жаңа көлікке 800 теңге төлейді. Осыны пайдаланған алаяқтар кірген көліктердің шыққан жылын мейлінше жасартуға тырысқан.

ергеу мәліметінше, олар көліктердің құжатына өзгеріс енгізіп, электронды үкімет порталы арқылы да тіркепті.

Көбін су жаңа көлік ретінде де көрсеткен.

Қазір осындай қитұрқыға барды деген күдікпен 59 адам тергеліп жатыр.

Қаржы монитрингі агенттігі болашақта базаға жалған ақпарат енізуге болмайтын жүйе жасалады деп отыр.

Әлібек Әбділов, ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің ресми өкілі:

— Автокөлік құралдарын ел аумағында одан әрі заңсыз тіркеуді болдырмау мақсатында агенттік ақпараттық жүйені айналып өтіп, қолдан дерек енгізуді болдырмауға шара қабылдады. Азаматарға арналған үкіметпен бірлесіп мемлекетік корпорация қызметінің қағидаларына заңанамлық негізде өзгертеулер мен толықтырулар енгізілгелі жатыр.

ХҚКО Тексеру Заңсыздық жүк көліктер

Тақырыпқа жаңалықтар