Маңғыстаудағы Айрақты алқабында көлігімен манерв жасаған жүргізуші қазақстандықтарды ашуландырды
Маңғыстаудағы Айрақты алқабында көлігімен манерв жасаған жүргізуші қазақстандықтарды ашуландырды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Айрақты-Шоманай алқабында жүргізушілер түрлі маневр жасап, бұл әрекеттерін видеоға түсірген.
Полиция мәліметінше, Mercedes көлігінің қауіпті әрекеті қоршаған ортаның ластануына және апатты жағдайдың туындауына әкелген.
Құқық бұзушы 24 жастағы жүргізуші болып шықты.
Жүргізушіге апатты жағдай туындатқаны, абаттандыру қағидаларын бұзғаны және көлік пайдалану қағидаларын қайта бұзғаны үшін бірнеше әкімшілік шара қолданылды.
Көлік арнайы тұраққа қойылды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: