Марқұм фельдшердің жұбайы тағы да жантебірентерлік жазба жариялады

Астанада тұрғынүйдің қас беті құлап, зардап шеккендерге көмекке барған фельдшер де ауыр жарақат алды. Ол ауруханада өмірмен 10 күн күресім, көз жұмды. Марқұмның күйеуі Әділет Ғанибекұлы әлеуметтік желіде келіншегін тағы да есіне алып, жазба арнады, деп хабарлайды Arbat.Media.

“Менің жұбайым жай ғана батыр емес еді.

Ол – менің ғаламым, бауырлары мен сіңлілеріне тірек, ата-анасына мақтаныш пен қуаныш, айналасындағы адамдарға шынайы бақыт болды.

Ол – біздің үйіміздің жылуы, нұры, жүрегі еді.

Өкінішке қарай, оның өмірі үзілді... Бірақ оның жарығы сөнген жоқ.

Ол – құтқарып қалған жандардың жүрегінде, еске алып, сағынышпен дұға еткендердің жүрегінде мәңгілікке сақталады.

Ол – өзінен кейін өшпейтін із қалдырды, жарының, отбасының, жақындарының, оны таныған әр жанның жүрегінде.

Сен әрқашан жүрегіміздесің, жаным...” – деп жазды Әділет Ғанибекұлы.

Астана фельдшер Марқұм Аурухана

Тақырыпқа жаңалықтар