Мас адамдар дәрігер мен медбикені ұрып кеткен

Оқиға 12 сәуірде Екібастұз қаласында болған, деп хабарлайды Arbat.Media.

Үш ер адам қалалық ауруханада дәрігерлерге шабуыл жасаған. Зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды. Ал күдіктілер ұсталды.

Полиция қылмыстық іс қозғады. Енді күдіктілер 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бұған дейін Қостанайда мас адамдар полицейді балаларының көзінше ұрып-соққан еді.

Екібастұз соққы Медбике Дәрігер
Кеше, 17:17 Қазақстан жаңалықтары
14 сәуір 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар