Қазақстан жаңалықтары8 қазан 2023, 9:30

Мас еркек дәмхананың ішінде ойран салып қиратқан

Астанада дәмхана әкімшісі полицияға белгісіз ер адамның қоғамдық орында ойран салғаны туралы арыз түсірді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Астана полиция департаменті жариялады. 

Түнде бұзақы дәмханаға келіп, айналасындағы дүниенің бірін қирата бастаған – ыдыс-аяқ, орындықтар мен үстелдерді сындырған. 

Полиция қызметкерлері ер адамды полиция бөліміне жеткізді.

Бұзақы 36 жастағы астаналық болып шықты. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, ол орташа дәрежеде мас болған.

ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы «Бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Бұзақы Астана полиция департаментінің уақытша ұстау оқшаулағышына жеткізіліп, оның осыған ұқсас басқа да бұзақылыққа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Астана мас еркек Бұзақылық дәмхана

Тақырыпқа жаңалықтар