Қазақстан жаңалықтары18 қазан 2023, 19:00

Медициналық сақтандырылмағандар жүргізуші куәлігін алмайды

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Әлеуметтік Міндетті әлеуметтік медициналық сақтанд, - деп хабарлайды Arbat.media.ыру жүйесіне енбеген адамдарға жүргізуші кәулігін беруді шектеу ұсынысына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Kazinform.

«Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір мемлекеттік қызметтерді шектеу туралы ұсыныстарына қатысты тоқталсам, бұл бағытта әлемдік тәжірибе зерделенді. Көптеген елде, яғни Германия, Норвегия, Ұлыбритания және басқа да дамыған елдерде тиісті талаптар бар. Егер жүргізуші куәлігін алғыңыз келсе, медициналық сақтандыру сұралады. Атап айтқанда, басқа мемлекетке сапарлап барған кезде де медициналық сақтандырусыз ешкімді қабылдамайтынын білесіздер», –деді А. Ғиният Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Айтуынша, жыл сайын Қазақстанда шамамен 3 мың адам жол-көлік апатынан көз жұмады.

«Жол апаттары көп тіркеліп жатыр. Мен күніне 10 немесе одан да көп жазатайым оқиға туралы ақпарат аламын. Зардап шеккендердің жартысы қайтыс болады, негізінен еңбекке қабілетті жастағы жастар, балалар. Олардың тең жартысы ауыр халде медициналық ұйымдарға жатқызылады. Адамдар мұндай жағдайға тап болғанда, «Сіз сақтандырылғансыз ба?» деп сұраған медициналық қызметкерге қалай қарайды деп ойлайсыз? Ал біз бұл жерде шұғыл көмек туралы айтып отырған жоқпыз, себебі жедел көмек онсыз да бірінші кезекте іске асырылады. Бірақ кейбір травматологиялық, ортопедиялық, күрделі операциялар олар Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне енгізілген. Сондықтан медицина қызметкерлеріне науқастан «Ертең ота жасау керек, сіз сақтандыру жүйесінде барсыз ба?» деп сұрап тұру ыңғайсыз. Мұның бәрі адам денсаулығына қатысты», – деді министр.

Бұл тұрғыда А. Ғиният әр адам медициналық сақтандыру жүйесіне қосылуы керек екенін айтты.

МӘМС жүргізуші куәлігі

Тақырыпқа жаңалықтар