Мектеп оқушылары күзгі каникулда қанша күн демалады?
Қазақстандық мектептерде бірінші тоқсан аяқталып жатыр. Күзгі каникул кезінде оқушылар 7 күн демалады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше оқушылардың демалысы 27 қазаннан 2 қарашаны қоса алғанда жеті күнге созылады.
«Мектеп оқушыларының күзгі демалыстағы бос уақытын тиімді өткізу және жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту мақсатында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында іс-шаралар жоспары ұсынылады», - деп хабарлады министрлік.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: