Қазақстан жаңалықтары23 наурыз 2026, 13:37

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың үндеуі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жолдады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Тоқаев «Тазару күніне» орай еліміздің әр түкпірінде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық эауқымды экологиялық акция басталғанын мәлімдеді.

«Бұл – Наурызнама онкүндігінде айрықша орын алатын күн. Қоғамымыздың жаңғыруы күллі табиғаттың жаңаруымен тұспа-тұс келіп отыр. Уақыт пен іргелі өзгерістердің осылай үндесуі баршамызға Отанымыздың игілігі жолында аянбай еңбек етуге айрықша күш-жігер беретіні сөзсіз», деді ол.

Тоқаев Наурыз мейрамы кезінде қабылданған жаңа Халық Конституциясында азаматтардың табиғатқа қамқорлықпен қарауы ұлттық дүниетанымның басты қағидатының бірі ретінде айқындалғанын айтты.

Тоқаев Үндеу Наурызнама жолдады
8 мамыр 2026 Қазақстан жаңалықтары
8 мамыр 2026 Қазақстан жаңалықтары
8 мамыр 2026 Қазақстан жаңалықтары
8 мамыр 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар