Қазақстан жаңалықтары12 желтоқсан 2023, 23:55

Мемлекет басшысы салық мәселесіне қатысты заңға қол қойды

Президент салық мәселесіне қатысты заңдарға қол қойды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Мемлекет басшысы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заң мәтіні баспасөзде жарияланады.

Қасым-Жомарт Тоқаев салық Заң қол қою

Тақырыпқа жаңалықтар