Мемлекетке миллиард теңгеден астам шығын келтірген күдікті ұсталды
Мемлекетке миллиард теңгеден астам шығын келтірген күдікті Грузиядан экстрадицияланды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Бас прокуратура мен Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері экономикалық қызмет саласында ауыр қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Қазақстан азаматын Грузиядан экстрадициялады.
Күдікті 2023-2024 жылдары Алматыда коммерциялық құрылымды басқара отырып, адамдар тобының алдын ала сөз байласуы арқылы іс жүзінде жұмыстарды орындамай жалған шот-фактураларды жазу схемасын ұйымдастырған.
Заңсыз әрекеттер нәтижесінде мемлекетке шамамен 1,3 млрд теңге көлемінде салықты төлемеу түрінде залал келтірілген.
Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: