Қазақстан жаңалықтары8 желтоқсан 2023, 3:05

«Мен бәрін түзеймін!». Бишімбаевтың хаты жарияланды

Қуандық Бишімбаевқа қатысты жаңа деректер пайда болды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Оның марқұм әйелі Салтанат Нүкеновадан кешірім сұрап, кетпеуін өтінген хат скрині «Көреміз» бағдарламасында жарияланды.

Хат мәтініне қарағанда, ерлі-зайыптылар қайғылы оқиғаға дейін де бірнеше рет ренжіскені аңғарылады. Бишімбаев әйелінен кетпеуін өтініп, бәрін түзейтінін, бұл жағдайды да еңсеретінін айтады.

«Қуандық Бишімбаев пен Салтанат Нүкенованың тойынан бейнелер жоқтың қасы. Жарияланған жалғыз видеода жас-жұбайлар сырт көзге өте бақытты көрінеді. Алайда, арада 6 ай өткен соң Бишімбаев әйелін жиі ренжітуді шығарған», дейді бағдарлама жүргізушісі.

Аталған бағдарламада айтылғандай, бұл хат алмасу қазанда болған. Бишімбаевтың сөзіне сенген, С.Нүкенова күйеуін кешіріп, өзара түсінбестікті ұмытып, қиындықты бірге еңсеруге шешім қабылдаса керек.

«Жазда төркініне барғанда ата-анасына күйеуімен қарым-қатынастары қиындап кеткенін, оның мінезі ауыр екенін айтыпты. Ата-анасы жарайды олай болса, үйге қайт деген. Бірақ көп уақыт өтпей Бишімбаев Салтанатты райынан қайтарып, ұзақ уақыт бойы артынан қалмай, қайтып келуін өтініп жүрді. Қалай көндіру керегін жақсы біледі, ал Салтанат өте мейірімді, жанашыр қыз ғой, оны аяп қайта барды. Бишімбаевтың жан дүниесіндегі мәселені анықтау үшін оған жақсы отбасылық қарым-қатынас орнатуға көмектесер деген оймен психолог жалдады», дейді Салтанат Нүкенованың кіндік шешесі Мәрзия Оспанова.

Бишімбаев Хат Нүкенова қарым-қатынас

Тақырыпқа жаңалықтар